Мәзір

Мемлекет сот арқылы 8 мың гектар ауылшаруашылық жерін қайтарып алды

09.07.2024
Мемлекет сот арқылы 8 мың гектар ауылшаруашылық жерін қайтарып алды

Алматы облысында жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Жер ресурстарын басқару комитеті жер телімдерін заңсыз беру фактісін анықтады. Бұл туралы World of NAN тиісті ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жалпы қайтарылған жер көлемі 8000 га жайылым, оның 6000 гектары Жамбыл ауданының, 2000 гектары Балқаш ауданының аумағында. Жер учаскелері ҚР Жер кодексінің 43-1-бабын бұза отырып берілген.

Жер ресурстарын басқару комитетінің талап арызы бойынша Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесін уақытша өтеулі пайдалану туралы үлгілік шарттар жарамсыз деп танылды. Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии