Қарағанды облысында сұйық гумусты тыңайтқыш – натрий гуматы өндірісі жолға қойылған. Жаңа өнім сынақтан өтіп, сертификатталды. Бұл туралы Wolrd of NAN порталы inform.kz сайтына сілтеме жасай хабарлайды.
Кәсіпорын екі жыл бұрын гумус тыңайтқыштарын шығаратын тәжірибелік зауыт ашқан. Шикізат – Шұбаркөл кен орнының тозған көмірі.
«Бұл өндіріс бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, кәсіпорын аумағында ұзақ уақыт бойы жай ғана сақталып келген тозған көмірді қайта өңдеудің экологиялық мәселесі бар. Екіншіден, біз тыңайтқыштардың мүлдем жаңа нарығына – ауыл шаруашылығына шығып жатырмыз», - деп атап өтті компания.
Гуматтар топырақ құнарлығын арттыру және өсімдіктердің өсуін жақсарту үшін қолданылады. Жаңа өнімнің сапасын отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тексеріп үлгерді.
Компания өнім желісін кеңейтіп, гуминді тыңайтқыштың тағы бір түрі – калий гуматын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл өнімнің алғашқы сынақ партиясы Бөкетов атындағы университеттің биотехнология және экомониторинг ғылыми-зерттеу паркіне жіберіліп, сол жерде тыңайтқыштың сапасы мен тиімділігін ғалымдар бағалайтын болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение