Мәзір

Halyk Bank 275 млрд теңгелік 89 агрожобаны қаржыландыру пулына енгізді

14.02.2024
Halyk Bank 275 млрд теңгелік 89 агрожобаны қаржыландыру пулына енгізді

Үкіметте өткен кеңесте Halyk Bank, Қазақстанның Даму банкі, Аграрлық несие корпорациясы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері жеңілдікпен қаржыландыру үшін жобаларды іріктеудің аралық нәтижелерін талқылады. Halyk Bank құны 275 млрд теңгелік агрожобалар пулын жасағанын айтты. Бұл туралы World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2024 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша Halyk Bank 275 млрд теңге болатын 89 жобаны іріктеп алды.

Жобалар мынадай критерийлер бойынша таңдап алынған:

-       компания иелерінің іскерлік беделі;

-       олардың жобаларды іске асырудағы тәжірибесі;

-       салалық ерекшеліктер;

-       өңірлердің нақты өнім түрлерімен қамтылуы.

Аграрлық несие корпорациясы және Қазақстанның Даму банкі желісі бойынша жеңілдікпен қаржыландырылатын жобалар пулы екінші деңгейдегі банк портфеліне енген жобаларды ескере отырып қалыптастырылатын болады. Қаржыландыру тетіктері пысықталып жатыр. Бұлардың ішінде әлеуетті жобалар қатарында 88 млрд теңгеге 49 жоба бар.

Қарыз алушы АӨК субъектісі үшін түпкілікті мөлшерлеме жылына 6%-дан аспайтын болады. Мемлекет сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түріндегі қолдау құралын ұсынады.

Өткен жылдың соңында Ауыл шаруашылығы министрлігі Halyk Bank және Бәйтерек холдингінің АӨК қаржы институттарымен ынтымақтастық аясында қаржыландырылуы мүмкін 500 жобадан тұратын портфель қалыптастырды. Бұл жобалар негізінен АӨК-ті дамытудың басым бағыттары – тауарлы сүт фермалары, көкөніс қоймаларын салуға, мал шаруашылығын дамытуға, дәнді дақылдарды, ет, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуге бағытталған


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии