Мәзір

Иран Қазақстанға сүт, балық өнімдерінің экспортын арттыра алады

04.12.2023
Иран Қазақстанға сүт, балық өнімдерінің экспортын арттыра алады

Тегеран қаласында Қазақстан мен Иран арасындағы үкіметаралық комиссияның 19-отырысы өтті. Екі мемлекет сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы World of NAN порталы Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Үкіметаралық комиссия отырысында тараптар сауда, ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика, денсаулық сақтау, білім беру, туризм және басқа да салалардағы мемлекетаралық қатынастардың табысты дамып келе жатқанын атап өтті.

Серік Жұманғарин екі мемлекеттің басшылары Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын үш миллиардтық  межеге жеткізу міндетін қойғанын еске салды. «Осы тапсырманы орындаудың алғашқы қадамы Өзара тауар айналымын $3 млрд-қа жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою болады. Құжат экспорттаушы кәсіпорындарды бірнеше бағытта қолдауды көздейді: өзара сауда көлемін ұлғайту, сауда-саттықтағы шектеулерді алып тастау, екіжақты клиринг механизмін енгізу және т.б.», — деді вице-премьер. Ол сондай-ақ қазақстандық компаниялар Иран нарығына шикізаттық емес тауарлардың үздіксіз экспортын жолға қоюға мүдделі екенін айтты.

Отандық өндірушілер Иран тұтынушыларына жалпы сомасы шамамен $250 млн болатын 75 тауар позициясы бойынша өнім жеткізуге дайын.

Иранның ауыл шаруашылығы министрі Мохаммад Али Никбахттың айтуынша, ирандық кәсіпорындар Қазақстанға балық және сүт өнімдері, бал, жемістер мен көкөністер, кептірілген жемістер және басқа да азық-түлік өнімдерін жеткізуді ұйымдастыра алады. Сондай-ақ ирандық тарап қазақстандық инвестицияға қызығушылық танытты. Тегеран Қазақстаннан келген инвесторларға Иранның еркін экономикалық аймақтарында бизнес жүргізу үшін ерекше жағдайлар жасауға дайын.

Үкіметаралық комиссия кездесуінің соңында Қазақстан мен Иранның Ауыл шаруашылығы министрліктері ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға және Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Иранның Ұлттық метрология орталығы метрология саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии