Мәзір

Беларусьтен АӨК өнімдерінің импортын Қазақстан ұлғайтты

11.11.2021
Беларусьтен АӨК өнімдерінің импортын Қазақстан ұлғайтты

2021 жылы белоруссиялық азық-түлік өнімдерінің Қазақстанға импорты 7%-ға өсті, деп хабарлайды World of NAN reform.by-ке сілтеме жасап.

2020 ж. Беларусь Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімін 271,9 миллион долларға, ал 2021 жылдың тоғыз айында 219,7 миллион долларға жеткізді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға артық.

Дәстүрлі түрде Беларусьтен Қазақстанға ет және сүт өнімдері, мал, қант жеткізіледі. Қазақстан Беларуське мақта талшығын, көкөністер мен бақша өнімдерін жеткізеді. Сондай-ақ, биылғы жылы ірі қара мал импорты екі есеге артты. Осылайша, 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Беларусь Қазақстанға Беларусь селекциясының 829 тірі ІҚМ сатты. 

Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанға ет, құрғақ майсыздандырылған және қаймағы алынбаған сүт, сары май және басқа да өнімдер жеткізуді ұлғайтуға мүдделі екендерін атап өтті. Сондай-ақ, олар Қазақстанда қазіргі жабдықтармен жабдықталған сүт-тауар кешендерін жобалау және салу бойынша қолдау көрсетуге дайын.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии