Жамбыл облысының көктемгі егіс жұмыстарына дайындығы және шаруалардың техникамен, жанар жағармаймен қамтылу барысы жайлы,-ҚР АШМ Баспасөз қызметі хабарлайды.
Биыл Жамбыл өңірінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес егіс көлемін 710,0 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 367,0 мың гектар, майлы дақылдар 64,2 мың гектар, қант қызылшасы 5,5 мың гектар, картоп 10,5 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 51,5 мың гектар және, мал азығы дақылдары 211,3 мың гектарды құрайды.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,9 мың гектарға немесе 3,3 пайызға жоғары.
Жамбыл облысында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында дәнді дақылдар, майлы дақылдар, қант қызылшасын, көкөніс-бақша, картоп және мал азықтық дақылдарының көлемін арттыру көзделуде.
Аймақта көктемгі егіс-дала науқанына ауыл шаруашылығы техникалары, оның ішіне тракторлар - 100 %, соқалар 100 %, қопсытқыштар 100 %, дән сепкіштер 100 %, тұқым дәрілегіштер 100 %-ға дайын.
Көктемгі дала жұмыстарына ҚР Үкіметі тарапынан облысқа 18,3 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген, бүгінде өңірге дизель отынын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Наурыз айына бөлінген 3500 тонна дизель отынының 3305 тоннасына қаражат аударып (94,4%), оның 2935 (84%) тоннасы жеткізіліп, 1747 тоннасы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге таратылды.
2020 жылы Жамбыл облысында 5,5 мың гектарға қант қызылшасын егу жоспарланған. Қазіргі таңда 941,5 гектар алқапқа қант қызылшасы дақылы себіліп, жоспар 17,2 %-ға орындалып отыр.
Ағымдағы жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарына себу нормаларына сәйкес 84300 тонна тұқым қажет болса, оның бүгінгі күнге 91700 тоннасы дайындалып, орындалуы 108,8% құрап отыр.
Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен 1,3 млрд. теңге қарастырылып 25,7 мың тонна субсидияланған минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы 177,5 мың гектраға ендіру жоспарланған.
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында 800,0 млн теңге бөлініп, облыстық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 39 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 249,92 млн. теңгеге өтінім түсіп, оның 244,42 млн теңгені құрайтын 37 шаруашылықтың өтінімдері мақұлданып, 25 шаруашылық субъектісіне 170,42 млн теңге қаражат беріліп отыр.
Ақпарат көзі: www.gov.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение