Жаңадан құрылатын институт Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясының базасында ашылмақ, деп хабарлайды World of NAN.
«Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізгі бағыттарының бірі, біз қазір оған үлкен маңыз беріп отырмыз. Жылқы шаруашылығы институты құрылғаннан кейін Ақтөбе облысы Қостанай, Адай жылқысы сияқты асыл тұқымды, спорттық жылқыларды, сондай-ақ ет бағытындағы жылқыларды зерттейтін әрі дамытатын орталыққа айналады», - деп, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин атап өтті.
Бүгінгі таңда республикада жылқының 14 тұқымы кездеседі. Ең көп таралғандары – Жабы, Мұғалжар және Көшім жылқысы секілді қазақы тұқым. Олар елдің әртүрлі аймақтарында сәтті өсіріліп жатыр.
Жалпы, жылқы өсіру жыл өткен сайын сұранысқа ие кәсіпке айналуда және жаңа ғылыми әзірлемелер мен патенттер аталған шаруашылықтың дамуына ықпал ете түсері анық.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение