Мәзір

Иран Алматы облысында сүтті терең өңдейтін зауыт салмақ

27.07.2023
Иран Алматы облысында сүтті терең өңдейтін зауыт салмақ

Иранның «Solico Group» компаниясы Алматы облысында сүтті терең өңдейтін зауыт салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Атап айтқанда, Қазақстанда ірімшік, йогурт, сарысулы сусындар, балмұздақ және спорттық қоспалардың (Whey protein) түрлерін шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды World of NAN.

«KAZAKH INVEST» баспасөз қызметінің хабарлауынша, «KAZAKH INVEST» және Қазақстанның Ирандағы елшілігінің өкілдері Ираның Тегеран және Амол қалаларында ірі компаниялармен бірқатар келіссөздер жүргізді. Олар парсы шығанағындағы кәсіпорындарға Қазақстанға инвестиция құю мүмкіндіктерін таныстырды.

«Ирандағы заманауи индустрияның атасы» - «Solico Group» президенті Ғолам-Әли Сүлеймани Алматы облысында сүтті терең өңдейтін зауыт тұрғызуды жоспарлап отырғанын айтты. Solico Group – аймақтағы ең ірі азық-түлік компанияларының бірі. Ол әлемнің 25-тен астам елінде азық-түлік өнімдерін өндіреді және сатады.

Одан бөлек, Амолға сапары барысында «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының Парсы шығанағы елдеріндегі шетелдік өкілі Құрманғали Аманқосов «Kalleh Dairy» сүт зауытының басшылығымен кездесіп, кәсіпорынның мүмкіндіктерімен танысты. Ирандық кәсіпорын күніне 2500 тоннадан астам сүт өңдейтін Таяу Шығыстағы ірі сүт зауыттарының бірі болып табылады. Кәсіпорын тәулігіне 2700 тоннадан астам сүт өнімдерін шығарады.

Сонымен қатар, Құрманғали Аманқосов «Iran Tractor Manufacturing» маркетинг тобының жетекшісі Әмір Ахмад Андабилмен кездескен. Әмір Ахмад Андабил ирандық тарап Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтардың ауқымды өндірісін құруға мүдделі екенін айтты. Жобаны жүзеге асыру алаңы ретінде Қазақстанның бірқатар аймақтары (Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысы) қарастырылуда.

 

 

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии