Мәзір

Ирандық Solico Group Павлодар облысында азық-түлік өнеркәсібін құруды қарастыруда

15.04.2024
Ирандық Solico Group Павлодар облысында азық-түлік өнеркәсібін құруды қарастыруда

Ирандық Solico Group компаниясы Павлодар облысында ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеп, азық-түлік өнеркәсібін ашуды қарастырып жатыр. Бұл жөнінде World of NAN облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі әкімдердің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі - инвестиция тарту, жаңа өндірістерді дамыту үшін қолайлы климат қалыптастыру, жаңа жұмыс орындарын ашу. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлемнің 30-дан астам елінде азық-түлік өнімдерін өндіретін және сататын ирандық «Solico Group» компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді. Kalleh, Fmol, Seven, Koochin, Majan және т.б. брендтерімен 2000-нан астам өнім атауларын ұсына отырып, Solico Group Таяу Шығыстағы тамақ өнеркәсібіндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады», - дейді облыс әкімдігі.

Тараптар Павлодар облысында өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.

Ирандық тарап ыңғайлы логистика және дамыған инфрақұрылымды ескеріп, Павлодар облысымен ынтымақтастықтың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии