Мәзір

Ірі инвестор мемлекет қысымынан соң макарон зауытын Өзбекстанға көшірмек

18.01.2024
Ірі инвестор мемлекет қысымынан соң макарон зауытын Өзбекстанға көшірмек

Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаевтың айтуынша, шетелдік ірі инвестор Mareven Food компаниясы Қазақстаннан кетуді жоспарлап отыр. Оған мемлекеттік органдардың экспорттық тауарға қосымша құн салығын қайтармауы, салық органдарының қысымы себеп. World of NAN бұл жөнінде LS сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оның айтуынша, елдегі ең ірі макарон өнімдерін шығаратын Конаев қаласында орналасқан Mareven Food кәсіпорнының басшылығы депутаттарға мұңын жеткізген. Компанияны Жапония мен Вьетнамның инвесторлары құрып, ол отандық фастфуд нарығының 70%-ын Rollton, BigBon сияқты брендтермен алып жатыр, өнімдерінің 95%-ы қазақстандық шикізаттан жасалады.

«Өкінішке орай, ҚҚС қайтаруға байланысты мәселенің жыл сайын қайталануына байланысты инвесторлар қорытынды жасап, жаңа жылда компания саясатын қайта қарап, экспорттық өндіріс көлемін 30%-ға дейін қысқартуға мәжбүр болып отыр. Ал жоғалған өндіріс көлемін зауытты  Өзбекстанға көшіріп, қазақстандық ұннан болса да, көрші Өзбекстанда жасамақ. Инвестициялар мен бизнестің заңды мүдделерін тиісті түрде қорғауды қамтамасыз етпейінше, елдің бизнес-климаты нашарлап, әлеуетті серіктестердің қызығушылығы жоғалады деп білеміз», - деді депутат.

Осыған орай, депутат бизнестің заңды мүдделерін қорғауды және экспортқа салынған ҚҚС толық қайтарылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын бұзған лауазымды тұлғаларға қызметтік тексеру жүргізуді сұрайды. Оның айтуынша, кәсіпорын 7 млрд теңге көлеміндегі ҚҚС-ты қайтаруға 2018 жылдан бері 18 мәрте өтініш берген. Алайда салық органдары өтініштерді қанағаттандырудан үнемі бас тартумен болыпты. Тіпті әр өтініштен кейін Алматы облысының салық басқармасы компанияға салықтық тексерістер жүргізген. Соңында тек 900 мың теңге компанияға қайтарылған.

«Mareven компаниясына қатысты жағдай біздің шенеуніктердің инвесторларға, жұмыс істеп тұрған өндірістерге және жалпы бизнес-климатқа салғырт қарауының және бұрмалауының нәтижесін айқын көрсетеді. Жоғарыда аталған компанияны мысалға алар болсақ, біз дайын өнімді экспорттау туралы сөз жүзінде ғана көп айтатынымыз белгілі болды. Кен, металл, мұнай экспорттайтын шикізат компанияларында мұндай проблема болмаса, азық-түлік өндірушілердің құқықтары жиі бұзылатынын көреміз», - деп түйіндеді Барлыбаев.

Кейін Mareven компаниясының Қазақстандағы еншілесі «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы Қазақстандағы өндірістің жабылмайтынын түсіндірді. Дегенмен даму барысы өзгеріп, ішкі нарыққа баса назар аударылады. Ал экспорттың көлемін Өзбекстанда ашылған жаңа бөлімшесі  толықтыратын болады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии