Мәзір

Италиялықтар Қазақстанда ірімшік және уылдырық өндіруді қарастырады

14.03.2024
Италиялықтар Қазақстанда ірімшік және уылдырық өндіруді қарастырады

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Италияға сапары аясында агроөнеркәсіптік кешенге қатысты бірқатар іскерлік кездесулер өткізді. Бұл жөнінде World of NAN ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Атап айтқанда, министр Carmec srl компаниясының халықаралық менеджері Антонио Амбросио мырзамен сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша ынтымақтастық жобаларының мәселелерін талқылады. Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстанның Алматы облысы, ШҚО, БҚО және СҚО аймақтарында ірімшік өндірудің зор әлеуеті бар. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасымен шекарада орналасқан Орталық Азия ХӨКО алаңында өндіріс ашуға зор мүмкіндіктер бар. Итальян тарабы әлеуетті жобаларды зерттеуге және Қазақстанда жұмыс істейтін өндіріс орындарына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.

Ал Италиядағы қара бекіре уылдырығының ірі өндірушісі AGRO ITTICA LOMBARDA SPA компаниясымен кездесуде тараптар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша идея алмасты. Атап айтқанда, компанияның бас директоры Карла Сора Қазақстанда уылдырық өндірісін іске қосуды, кейіннен Таяу Шығыс елдеріне экспорттауды қарастыруды ұсынды.

Қазақстан өз тарапынан итальяндық бизнеске еліміздегі уылдырық өндірісінің әлеуеті бойынша аналитикалық мәліметтер беруге, сонымен қатар ірі отандық уылдырық өндірушілермен кездесулерді ұйымдастыруға көмектесуге дайын.

Компания ұсынған стандарттар мен олардың тәжірибесі қазақстандық өндірушілерге ЕО нарығын ашуға көмектеседі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии