Мәзір

Италиялықтар Қазақстанда ұлу өсірмек

22.02.2024
Италиялықтар Қазақстанда ұлу өсірмек

Италиялық «Lumacheria Italiana» компаниясы Жамбыл облысында биылғы жылы өнеркәсіптік мақсатта ұлулар өсіруді қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы World of NAN жергілікті әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жамбыл облысы қолайлы климаттық жағдайлармен қамтамасыз етілген, бұл өнеркәсіптік бағытта ұлуларды әлемдік нарыққа қарағанда 4 есе арзанға өсіруге мүмкіндік береді.

Аталған жоба жергілікті «Meragro» компаниясымен бірлесіп іске асырылатын болады. Итальяндық компания жобаны бірнеше кезеңге бөлуді ұсынды. Атап айтқанда, облыс аумағында ұлулар өсіруді жолға қою, инкубатор салу, олар үшін жем-шөп өндірісін бастау және ұлу етін өңдейтін кәсіпорын салу кезеңдерін қарастырып отыр.

Жоба бойынша алғашқы кезеңдерде инвестиция көлемі 2 млн. еуродан асады. Бастысы, компания жергілікті шаруаларды оқытуға дайын.

Жалпы, косметологияда ұлулар шығаратын қабық пен кілегей шырыш қолданылады. Ал, ұлу еті – бұл ерекше өнім және ол әлем елдерінде үлкен сұранысқа ие.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Орталық Азия бойынша ұлуларды алғаш рет өнеркәсіптік өсіретін өңір атанбақ.

Ал «Lumacheria Italiana» компаниясы ұлулар өндірісінде әлемдік көш бастап тұр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии