Мәзір

Осындай фермерлердің кесірінен қаржыландыру жүйесін өзгертеді

20.02.2024
Осындай фермерлердің кесірінен қаржыландыру жүйесін өзгертеді

Ақтөбе облысының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген кредиттік қаражатты мақсатсыз жұмсау фактілерін анықтады. Бұл жөнінде World of NAN облыстың прокуратураға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Ақтөбе филиалымен «Сыбаға» және «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу үшін кредиттік қаражат берілген.

Алайда 3 шаруашылықпен ірі қара малдары сатып алынбай, жалпы сомасы 189,5 млн. теңге несие қаражаты басқа мақсаттарға жұмсалған.

Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуына байланысты материалдар ЭТД-не жіберілді.

Олар бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі уақытта тергеу нәтижелері бойынша 1 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 2 іс бойынша тергеу жүргізілуде.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии