Мәзір

Ресей көктемгі үсік салдарынан 3,9 млн тонна бидайдан айырылды

16.05.2024
Ресей көктемгі үсік салдарынан 3,9 млн тонна бидайдан айырылды

Мамыр айының басында көрші елде ауыл шаруашылығы дақылдары үсікке ұшырады. Фермерлер құны шамамен 45 миллиард рубль болатын бидайдан айырылды. Бұл жөнінде World of NAN порталы «СовЭкон» есебіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қолайсыз ауа райы ресейлік бидай өндірісі болжамының тағы да қысқаруына себеп болды. Сарапшылар астық түсімі 85,7 миллион тонна (бұрынғы есеппен салыстырғанда -7,3 миллион тонна) болады деп болжап отыр.

Аязға байланысты Тамбов, Липецк, Воронеж, Ростов, Волгоград және Орлов облыстарына төтенше жағдай енгізілді. Бұған дейін 140 мың гектар алқаптағы ауылшаруашылық дақылдарының жойылғаны хабарланған еді. Ал бүлінген егін алқабы 500 мың гектарды құрайды. Елдегі 500 мың гектарға жуық жерге қайта егіс егу керек. Бұл тапсырманы орындауға тұқым да, қаржы да жеткілікті деп айтылады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии