Мәзір

2030 жылға қарай Азиядағы құс еті нарығы 30%-ға өседі

02.05.2024
2030 жылға қарай Азиядағы құс еті нарығы 30%-ға өседі

Rabobank зерттеуіне сәйкес, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия алдағы онжылдықта құс етінің әлемдік нарығының өсу драйверіне айналады, деп хабарлайды World of NAN.

Бұл өсімнің 60 пайызын Үндістан, Индонезия және Пәкістан құрайды деп күтілуде. Мұндай өсім экономикалық тұрақтылық, демографиялық өсу және халықтың азық-түлік талғамдарының өзгеруіне байланысты. Сондай-ақ, ФАО болжамы бойынша 2032 жылға қарай құс етін дүние жүзінде тұтыну 15%-ға артады.

Сондықтан Азия елдеріне экспорттық бағыттар өте перспективалы болуы мүмкін. Иә, елдердің өз өндірісі бар, бірақ импорттың үлесі әлі де үлкен. Сондықтан қазақстандық құс өсірушілер осы бағыттар туралы ойлануы керек.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии