Мәзір

Фермерлердің блок-бекеттерден кедергісіз өту мәселесі қаралды

23.04.2020
Фермерлердің блок-бекеттерден кедергісіз өту мәселесі қаралды

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ІІМ, Денсаулық сақтау министрлі және облыс әкімдерінің орынбасарларымен селекторлық кеңес өткізді. Жиында ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің мәселелерін жергілікті деңгейде жедел шешу, көктемгі дала жұмыстарына кедергі келтірмеу, фермерлердің бөгетсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, ҚР Премьер-Министрінің блок-бекеттерде фермерлердің жүріп-тұруын жедел шешу туралы берген тапсырмасына қарамастан, көптеген шаруашылық иелері министрлікке рұқсат алу тәртібі бойынша хабарласуда.

«Бұл мәселе бірнеше рет қаралды, ҚР Президенті, Премьер-Министр көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге барлық жағдай жасауда, оның ішінде фермерлер мен сервистік ұйымдардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл мәселе Мемлекеттік комиссияның күн тәртібінде. Ең бастысы - Президенттің тапсырмасы бар. Фермерлерге кедергі жасаудың қажеті жоқ. Кім электронды түрде жұмыс істегісі келсе, солай жасасын. Бізге қажеті: біріншіден - фермерлердің өтініштері жедел қаралуы керек, 2-3 күге созылмай; екінші - рұқсатты қалай алу керектігін нақты түсіндіру; үшінші - фермерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру - егер электронды рұқсат болмаса, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қағаз анықтамалары негізінде жасалсын», - деді Айдарбек Сапаров.

Сапаров «АӨК кредиттік серіктестіктер қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіндегі жағдайды мысалға келтірді. Компания егіс науқанының алдында жанар-жағармай материалдарын, тұқымдар мен қосалқы бөлшектерді, химикаттарды дер кезінде сатып алып, тасымалдай алмаған. Облыстар мен қалалар арасында жүк көліктерінің қозғалысына рұқсат алу ұзаққа созылып кеткен. Тіпті рұқсат беруден бас тарту жағдайлары тіркелген. Қала, облыс аралық блок-бекеттерде жүк көліктері 3-5 сағатқа дейін негізсіз тоқтап тұрған.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев фермерлерді өткізу пункттерінен өту тәртібі туралы хабарлады. Бақылау-өткізу пункттерінде барлық ақпарат планшет базасына жүктелген. Тіпті фермердің жүк көлігі туралы ақпарат базаға енбеген жағдайда, ауылшаруашылық өнімін өндіруші деген құжаты болса жеткілікті екенін айтты.

«Әрбір қызметкерге көктемгі дала жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы мен көктемгі егіс жұмыстарына кедергі келтірген жағдайда қандай салдары болатыны айтылды. Бұл мәселе ерекше бақылауға алынды. Егер шараларға қатысты ақпарат полицейдің планшетінде жоқ болса, бірақ фермердің қолында анықтамасы болса - бұл жеткілікті, ешқандай сұрақтардың қажеті жоқ», - деп атап өтті М.Баймұқашев.

Сондай-ақ, ІІМ-нің өкілі облыс әкімдіктеріне саяжай тұрғындарынан шектеулерді алып тастау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Саяжайлар бойынша сұрақтар көп келіп түсуде. Осы санаттағы адамдарды анықтап, қабылданған шараларды полицияға жеткізуге болады. Егер мүмкіндік болса, саяжайлар бойынша шектеуді, тым болмаса уақытша болсын алып тасталса. Бұған назар аударуларыңызды сұраймын», - деді ол облыс әкімдерінің орынбасарларына.

«Атамекен» ҰКП-ның басқарушы директоры Нұрлыбек Мұқанов карантиндік іс-шараларды қамтамасыз ететін органдардың жұмысы жөнінде ескерту жасады.

«Сәуір айының басынан 21 сәуірге дейін «Атамекен» ҰКП-на 2400-ден астам өтініш келіп түсті, оның жартысы рұқсаттама алуға қатысты. Бір қаладан екінші қалаға шетелдік тұқымдарды шығара алмай қалған компаниялар туралы нақты мысалдар бар. Сондай-ақ, барлық аудандарда интернет жоқ екенін атап өткім келеді. Барлық фермерлер компьютерді жақсы меңгермегенін ескеріп, оларға қарапайым тізбе жасау қажет. Атап айтқанда, блок-бекеттен ол тіркеу туралы куәлікті, жұмыс орнынан анықтаманы көрсету арқылы өте алуы қажет», - деді ол.

«Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ төрағасы Жигули Дайрабаев фермерлердің кешігіп қалу фактілерін растады, одаққа блокпостардың жұмысына шағымдар түсіп жатыр деп атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Мемлекеттік органдардың өкілдеріне фермерлердің жүріп-тұруына кедергілер келтірмеу жөнінде өтініш білдірді.

«Көктемгі егіс науқанына маусымдық жұмысшылар көп тартылады. Олардың  барлығын базаға енгізгенше, уақыт кетеді. Қазір ең бастысы – әр күнді тиімді пайдаланып, егісті егу. Бүкіл республика көлемінде егіс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еліміз үшін ең маңызды науқанға кедергі келтірмеңіздер, туындаған барлық мәселелерді жедел шешуді сұраймын», - деп түйіндеді Айдарбек Сапаров.

Естеріңізге салсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қатысты барлық қызметті «рұқсат етілген қызмет» тізбесіне енгізу туралы хат жолдаған болатын.

Сондай-ақ, коронавирус пандемиясы кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жүріп-тұруы бойынша бірыңғай алгоритм әзірленді, ол 2020 жылғы 17 сәуірдегі Мемлекеттік комиссия отырысында мақұлданды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде фермерлер мен көктемгі егіс науқанына қатысты басқа да адамдардың және олардың жеке көліктеріне кедергісіз жүріп-тұру құқығы берілген болатын.

Министрлік фермерлердің және қамтамасыз етуші ұйымдардың жүріп-тұруы екі нұсқа арқылы жүзеге асырылады: біріншісі шаруашылықтар берген қағаз анықтамалар және полиция планшеттеріндегі электрондық өтінімдерден алынған ақпарат. Бұл ретте, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ерекше мәртебесін және осы қалаларда күшейтілген карантиндік шараларды ескере отырып, бекеттерден өткізу тек электрондық база бойынша жүзеге асырылады. Яғни, шаруалардың блок-бекеттер арқылы кедергісіз жүруі үшін шаруашылықтардың тізімі облыстық әкімдіктерге жіберіліп, электрондық базаға бірден енгізілетін болады.

Ақпарат көзі: www.gov.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии