Мәзір

Ауыл шаруашылығы экспортындағы жағдай қалай өзгерді?

22.02.2024
Ауыл шаруашылығы экспортындағы жағдай қалай өзгерді?

Жақында Қазақстанның басқа елдермен сыртқы саудасы бойынша 2023 жылғы толық қорытындылары жарияланды. Қазақстанның импорты 61,2 млрд доллар, ал экспорты 78,7 млрд долларды құрады, бұл импорт 20% ұлғайып, экспорт 7% төмендегенін білдіреді. Осылайша Қазақстанның сауда балансындағы оң сальдо 33,7 доллардан 17,5 миллиард долларға дейін қысқарды. World of NAN редакциясының сарапшысы ауылшаруашылық өнімдерінің кейбіріне қатысты жағдайдың қалай өзгергенін қарастыруды жөн көрді.

Экспорттың 54%-ын шикі мұнай мен мұнай өнімдері құрады: Қазақстан бұл тауарларды 42,3 млрд долларға сатқан, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 10% аз. Бидай мен бидай-қарабидай экспорттық тауарлар рейтингінде 7-орынға ие болыпты. Еліміз аталған өнім түрлерінен 1,85 млрд доллар табысқа қол жеткізген (өткен жылмен салыстырғанда -3,3%), бұл жалпы экспорттың 2,4% үлесін құрайды. 2022 жылы бидайдың экспорттық үлесі 2,3% құраған еді. Былтыр жалпы көлемі 7,2 млн тонна бидай экспортталып, экспорт 14% өсті. Ал орташа сату бағасы 17% дерлік төмендегені белгілі болды. Өзбекстанға (2,99 млн-нан 3,54 млн тоннаға дейін), Түркіменстанға (177-ден 540 мың тоннаға), Италияға (224-тен 523 мың тоннаға) және Қытайға (36,6-дан 539 мың тоннаға дейін) экспорт айтарлықтай өскен. Ал Иранға (559-дан 68 мың тоннаға), Ауғанстанға (685-тен 448 мың тоннаға) және Әзірбайжанға (291-ден 111 мың тоннаға дейін) экспорт күрт төмендеді.

Келесі сұранысқа ие экспорттық ауыл шаруашылығы өнімі - 580 миллион долларға сатылған ұн болып отыр, ол өткен жылмен салыстырғанда 23% төмен. Айта кетейік, ұн салмағы бойынша 1,1% артық сатылды, яғни бұл бағаның 20%-дан астам төмендегенін көрсетеді. Ұнның экспорттағы үлесі 0,9 пайыздан 0,7%-ға  дейін төмендеді. Жекелеген елдер арасында Өзбекстанға ұн экспорты 426-дан 536 мың тоннаға өсіп, бірақ Ауғанстанға 1,36 миллионнан 1,27 миллион тоннаға дейін төмендеген. Сонымен қатар Қырғызстанға экспорт үш есеге жуық өсті, бірақ көлемі салыстыруға келмейтіндей аз болып шықты – небәрі 26 мың тонна.

Экспорт көлемі бойынша үшінші орында күнбағыс, мақсары немесе мақта майы (ЕАЭО СЭҚ ТН - 1512) тұр, ол 338 млн долларға экспортталған. Шетел нарығына шығарылған май көлемі бір жылмен салыстырғанда 55% өсті, десек те ақшалай есептегенде экспорт 2,4% төмендеді, бұл да орташа сату бағасының төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар осы категориядағы майдың импорты айтарлықтай жоғары болып $89 млн құрады, яғни таза экспорттың пайдасы $249 млн болады. Елдер бойынша экспорттың негізгі өсімі мына үш елде байқалады: Өзбекстан (+62%), Тәжікстан (+72%) және Қытай (+92%). Біз Қытайға 2022 жылғы 71,3 мың тонна күнбағыс майымен салыстырғанда, былтыр экспортты 137 мың тоннаға жеткіздік. Осылайша, Қытай Қазақстан майының импорты бойынша көш бастап тұрған Өзбекстанға айтарлықтай жақындады (2023 жылы 158 мың тонна болды). Сондай-ақ, 2023 жылы май импорты 34% қысқарғанын атап өту қажет. Көбіне елімізге өсімдік майы толығымен дерлік Ресейден келеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии