Мәзір

Қызылорда облысының фермерлері 2024 жылы қандай аграрлық жобаларды іске асырады?

05.01.2024
Қызылорда облысының фермерлері 2024 жылы қандай аграрлық жобаларды іске асырады?

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер небәрі сегіз жобаны іске қосып, жүзден астам жұмыс орнын ашады, деп хабарлайды World of NAN.

«MAA INBEST GROUP» ЖШС Шиелі ауданында 170 млн теңгеге көкөніс сақтайтын қойма салады. Жоба қыркүйек айында іске қосылады деп жоспарланған. Сыйымдылығы 700 тонна, ол 14 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Тағы бір көкөніс сақтайтын қойманы Қызылорда қаласында «Aray Food» ЖШС салады. Құрылыстың құны 1,2 млрд теңгені, ал қуаттылығы 4 мың тоннаны құрап, 20 адамды жұмыспен қамтиды.

«Оңталап» шаруа қожалығы Қармақшы ауданында күріш өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр. Құны 350 млн теңгені құрайтын жобаның қуаттылығы тәулігіне 60 тонна, өндіріс орны 14 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек.

Жалағаш ауданындағы «Бақдәулет-57» шаруа қожалығы 100 басқа арналған шағын сүт-тауарлы ферманы іске қоспақ. Құны 530 млн теңге болатын сүт-тауарлы ферма алты жұмыс орнын ашады.

«Qazaq camel» ЖШС Арал ауданында түйе сүтін өңдейтін болады. Жобаның құны 2,5 млрд теңге, қуаттылығы жылына 700 тонна. Өндіріс іске қосылған сәтте 25 адам жұмысқа орналаса алады.

«Айбын» шаруа қожалығы Жаңақорған ауданында 500 басқа арналған бордақылау алаңын іске қоспақ. Жобаны іске асыруға 200 миллион теңге жұмсалып, бір адам жұмысқа орналасады.

Тағы бір күріш өңдейтін цехты Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруа қожалығы іске қосуды жоспарлайды. Жобаның құны 80 млн теңге, ал жылдық қуаттылығы 2700 тонна, 10 жұмыс орны ашылады.

«РЗА» акционерлік қоғамы Қазалы ауданында жаңбырлатып суарылатын жүгері өндірісін 198 гектар алқапқа ұлғайтады. Кеңейтуге 350 млн теңге жұмсалып, қуаттылығы жылына 500 тоннаны құрайды, 12 адам жұмыспен қамтылады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии