Биыл облыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлығы он бес жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Олардың басым бөлігі мемлекеттің жеңілдетілген несиесін пайдаланады, деп хабарлайды World of NAN.
Байзақ ауданында «Нұрлыжай» шаруа қожалығы 600 басқа арналған сүт фермасын іске қоспақ. Фермер 200 миллион теңгені өз қалтасынан салса, 600 миллионын жеңілдетілген қаржыландыру арқылы алады.
Жамбыл ауданында «Жамбыл-Ет» ЖШС 600 басқа арналған бордақылау алаңын іске қоспақ. Жобаның құны 1,5 миллиард теңге болса, оның бір миллиардын шаруа екінші деңгейлі банктен алады.
Талас ауданындағы «Кәусар» ШҚ 400 басқа арналған сүт-тауарлы қожалық ашады, фермер өз қалтасынан 129 млн. теңге инвестициялайды.
Меркі ауданында МЕРАГРО ХОЛДИНГ LTD ЖШС жемшөп өндірісін жолға қояды. Кәсіпкер құрылысты 2022 жылы бастап, өз қаражатынан 300 миллион теңге инвестициялаған.
Жуалы ауданындағы «Ахмет» шаруа қожалығы 400 басқа арналған сүт-тауарлы ферманы өндіріске енгізбек. Жобаның құны 850 миллион теңге болса, оның 800 миллионы жеңілдікпен несиелендіруге арналған.
«ӘУЛИЕ АТА ФЕНИКС» ЖШС Байзақ ауданында жылына 20 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасын салады. Жоба құны 5,5 млрд теңгеге бағаланып, құс өсіруші 500 млн теңгені жеке инвестициялап, қалған қаражатты жеңілдікпен қаржыландыру арқылы алған.
«Момбек» шаруа қожалығы Жамбыл облысында 2,7 млрд теңгеге сүт-тауарлы ферманы іске қосады, қаржыландырудың басым бөлігін шаруа мемлекеттен алады. Жобаның өндірістік қуаты небәрі 400 бас.
Жуалы ауданындағы «Гамбург» ЖШС 1,2 млрд теңгеге 1200 басқа арналған сүт-тауарлы ферма қожалығын ашпақ. Шаруа бір миллиардқа жеңілдетілген несие алып, қалғанын өз қалтасынан салған.
Қордай ауданындағы «Бай-Нұр» ЖШС 1500 басқа арналған сүт-тауарлы ферма салады. Жобаның құны 5,5 миллиард теңге болса, оның 5 миллиарды жеңілдетілген несие.
«QAZKEN IINVEST» ЖШС Таразда 10 мың тонналық көкөніс сақтайтын қойма салады. Жобаның құны 1,2 миллиард теңге болса, оның 1 миллиарды жеңілдетілген несие.
Тараздағы тағы бір көкөніс сақтау қоймасын «Tas Bell» ЖШС салады. Қуаттылығы 10 мың тонна, ал құны 1 млрд теңге (800 млн теңгесі жеңілдетілген несие).
Байзақ ауданындағы «JJS Sauda» жеке кәсіпкері сыйымдылығы 10 мың тонна көкөніс сақтайтын қоймасын іске қоспақ. Кәсіпкер 520 миллион теңге жеңілдетілген несие алып отыр.
Жамбыл ауданындағы «Тоқтасын агро» шаруа қожалығы сыйымдылығы 12 мың тонна көкөніс сақтайтын қойма салады. Жобаның құны 1,7 млрд теңгені құрайды, оның 500 миллионын фермердің өзі инвестициялайды.
Жамбыл облысындағы тағы бір көкөніс сақтайтын қойманы «Кәусар» шаруа қожалығы салады. Сыйымдылығы 2000 тонна, құны 312 миллион теңге болса, оның 212 миллионын фермер өз қалтасынан салған.
Байзақ ауданында 25,6 миллиард теңгеге құс фабрикасы ашылады, оның басым бөлігі екінші деңгейлі банктен түседі. Жобаның қуаттылығы – жылына 10 мың тонна ет.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение