Ауыл шаруашылығы министрлігі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік кешендегі сегіз жаңа бағыт бойынша жылдық 2,5 пайызбен жоспарланған жеңілдетілген несиелендіру туралы айтты, деп хабарлайды World of NAN.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жеңілдетілген несиелендіру арқылы жаңа сүт-тауар фермалары, көкөніс сақтайтын қоймалар мен құс фабрикалары салынған еді.
Енді жаңа бағыттар тізіміне 5 мың бас мал ұстайтын етті ірі қара малын өндіретін кәсіпорындар, 1000 тонналық жеміс сақтау қоймалары, өнеркәсіптік жылыжайлар кіреді.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы өнімдерін (жүн мен терілерді қоса алғанда) терең өңдеу жобаларына, қуаттылығы жылына 25 тоннадан басталатын тауарлық балық өндіретін балық шаруашылығына, қуаттылығы тәулігіне бір тонна балық өңдеу кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығы, құс шаруашылығындағы асыл тұқымды репродукторлар саласындағы жобаларға, агроөнеркәсіптік кешен шеңберінде орау материалдарын өндіру кәсіпорындарына жеңілдетілген несие беріледі.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение