Мәзір

Абай облысының фермерлері 2024 жылы қандай жобаларды іске асырады?

11.01.2024
Абай облысының фермерлері 2024 жылы қандай жобаларды іске асырады?

Жаңа құрылған облыста жалпы құны 39,1 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды World of NAN.

«Нұркелді» ӘКК түйіршіктелген жем өндіру және өңдеу кешенін салады. Жоба бес миллиард теңгеге бағаланып отыр.

«Eurasia Agro Семей» ЖШС ет өңдейтін және ет өнімдерін шығаратын ең ірі зауытты салады. Өндірістің қуаттылығы ауысымына 35 тонна, құны 9,8 млрд теңге.

Тағы бір ірі жобаны «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС қолға алмақ. Қапталған тазартылған өсімдік майын шығаратын зауыт жобасының құны 7,3 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ облыста «СФ Песчанка» ЖШС – 1,5 млрд теңгелік, «Новая Заря» ЖШС – 0,2 млрд теңгелік, «Бесқарағай Агро» ЖШС – 7 млрд теңгегелік, жалпы саны үш сүт-тауарды фермасы ашылады.

«Асыл Агро-7» ӘКК 2,0 млрд теңгеге мал бордақылау алаңын кеңейтіп, мал бордақылау базасын салады.

«Urdzhar Agro Company» ЖШС-нің фермерлері 5,0 млрд теңгеге, ал «Аль-Дос» ӘКК 0,3 млрд теңгеге суару жүйесін кеңейтеді.

«SEMEY QUS» ЖШС жұмыртқа өндіруге бағытталған құс фабрикасын 0,9 млрд теңгеге кеңейтеді (фабриканың қуаты жылына 20 млн бірлік).


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии