Биыл қалада он төрт жобаны іске қосу жоспарланған, олардың басым бөлігі мал шаруашылығына бағытталды, деп хабарлайды World of NAN.
Биыл «Нұрәлі» шаруа қожалығы жылына мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын ашуды жоспарлайды. Жоба құрылысының құны 150 млн теңге.
«Shubar Organic» ӘКК өндіріс қуаты жылына 1500 бас болатын 2 млрд теңгелік ет өңдеу комбинатын іске қосады.
«Shagyr Agro Group» ЖШС бройлер етін өндіретін болады. 2 миллиард теңгені құрайтын жоба жылына бес мың тонна өнім шығарады.
«НМИ-Юг» ЖШС сыйымдылығы 20 мың тоннаны құрайтын аймақтағы ең ірі көкөніс сақтау қоймасын салуды жоспарлап отыр, жоба құрылысының құны жеті миллиард теңгені құрайды.
«Intermilk Kazakhstan» ЖШС сүт өңдеуді жылына 2400 тоннаға кеңейтуді жоспарлап отыр, бұрын қуаттылығы 1800 тонна еді. Өндірісті кеңейтуге 300 миллион теңге инвестицияланады.
Сондай-ақ «Bio Food Group» ЖШС сүт өңдеуді жылына 2600 тоннаға арттырмақ. Өндірістің қазіргі қуаттылығы 1900 тонна, оны арттыруға шамамен 500 миллион теңге жұмсалады.
«SMG Greenhouse Profit» ЖШС өсімдікті топырақсыз өсіру (гидропоника) өндірісін жолға қояды. Құны 30 миллион теңгені құрайтын жобаның қуаты тәулігіне 1000-1500 келі болмақ.
«Қасқасу-С» шаруа қожалығы 2,5 млрд теңгеге жылына 3 мың тонна сүт өндіретін сүт фермасын салады.
«Эгамназаров» жеке кәсіпкерлігі 802 миллион теңгеге сүт-тауарлы фермасын кеңейтеді. Қазіргі қуаттылығы жылына 1800 тонна, оны 3500-4500 тоннаға дейін арттыру жоспарланған.
«ON EXPORT» ЖШС бір миллиард теңгеге көкөніс сақтайтын қоймасын 2500 тоннаға кеңейтеді.
«Ақсай» шаруа қожалығы 1,5 млрд теңге жұмсай отырып, сүт-тауарлы фермасының қуаттылығын жылына 4500 тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.
«Kaz Agro Food LTD» ЖШС 120 млн теңгеге сүт өңдеу цехын ашады, қуаттылығы – жылына 1200 тонна.
«Agro Feed» ЖШС жем зауытын тұрғызады. Құны 250 миллион теңгені құрайтын жоба жылына 1800 тонна жем өндіреді.
Келесі бір сүт өңдеу цехын «Дары Сайрама» ЖШС ашпақ. Өндіріс орны жылына 300 тонна сүт өңдейтін болса, жобаның құны 250 миллион теңгені құрайды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение