Биыл облыста агроөнеркәсіптік кешен бойынша үш жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды World of NAN.
Жезқазған қаласында ет өндіретін құс фабрикасы ашылады. Жоба құны 226 млн теңгеге бағаланып, қуаттылығы жылына 1000 тонна құс етін құрайды.
Жаңаарқа ауданында мал сою алаңы, тоңазытқыш камералары бар және ет өңдеуді жетілдіретін асыл тұқымды мал шаруашылығы кешені құрылады. Құрылысқа 1,265 млрд теңге жұмсалады. Қуаттылығы – ауысымына 3000 банка консерві немесе жылына 1164 тонна ет өнімі.
Сәтбаев қаласында құс етін өңдейтін қасапхана іске қосылады, инвестиция көлемі 113 млнтеңге, қуаттылығы жылына 1000 тонна құс етін құрайды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение