Мәзір

Жетісу облысының фермерлері 2024 жылы қандай жобаларды іске асырады?

09.01.2024
Жетісу облысының фермерлері 2024 жылы қандай жобаларды іске асырады?

Өңірдегі фермерлер тек бес жобаны іске қосады, олардың төртеуі сүт-тауарлы фермалар, деп хабарлайды World of NAN.

Кербұлақ ауданындағы «Абай» шаруа қожалығы 800 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын ашпақ. Құны 480 миллион теңгені құрайтын жоба қазірдің өзінде 55 пайызға дайын.

Дәл осы Кербұлақ ауданында «Қызылшоқы» ЖШС тағы бір сүт-тауарлы фермасын ашуды жоспарлап отыр. Өндіріс қуаттылығы 400 бас сиыр, жобаны іске қосу құны 2 млрд.

Панфилов ауданында «Көбенбаев Оралбек Жайлаубайұлы» шаруа қожалығы 500 басқа арналған бордақылау алаңын іске қоспақ. Құрылыс 2020 жылдан бері жүргізіліп келеді, жалпы құны 565,8 млн теңге.

Осы ауданда «Айсұлтан» шаруа қожалығы 200 басқа арналған сүт фермасын іске қосуды жоспарлайды. Жобаны жүзеге асыруға 180 миллион теңге жұмсалады.

Көксу ауданында «Береке» шаруа қожалығы 100 млн теңгеге 100 басқа арналған сүт-тауарлы ферма шаруашылығын іске қоспақ.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии