Батыс Қазақстан облысында биыл сүт-тауарлы фермаларға баса назар аударылады, осы бағытта тоғыз жобаны іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды World of NAN.
Теректі ауданында бірден төрт тауарлы сүт фермасы іске қосылмақ. «KTK888» ЖШС 400 басқа арналған сүт-тауарлы фермаға 3,83 млрд теңге инвестициялайды. Дәл осындай қуаттылықпен «Төлеңгіт» шаруа қожалығы да сүт-тауарлы фермасын іске қосады, бірақ жобаға 700 миллион теңге жұмсалады. Ал «Ringo Milk» ЖШС құны 2,2 млрд теңгені құрайтын 600 басқа арналған ферма ашады. «МТФ-ОП Ақжайық» шаруа қожалығы 3,7 млрд теңгеге қуаттылығы 400 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салмақ.
Бәйтерек ауданында фермерлер үш жобаны қолға алмақ. «Baystone» ЖШС 2,8 млрд теңгеге 7600 тонналық көкөніс сақтау қоймасын салады. «Ет өнімі» ЖШС 1,65 млрд теңгеге 650 гектар алқапқа суару жүйесін салады. «Арыстанов» шаруа қожалығы 400 басқа арналған сүт фермасын ашады, инвестиция – 1,65 млрд теңге.
Ақжайық ауданындағы «Аmaner ІZІ» ЖШС мал бордақылау алаңын 5000 басқа дейін кеңейтуді жоспарлайды, бұған мал өсіруші 1,3 млрд қаражат жұмсамақ. Ал Бөрлі ауданындағы «Аманат» шаруа қожалығы 520 миллион теңгеге 400 басқа арналған сүт-тауарлы ферманы іске қоспақ.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение