Мәзір

Қазақстан мен Қытай АӨК саласында қандай келісімге келді?

04.07.2024
Қазақстан мен Қытай АӨК саласында қандай келісімге келді?

ҚХР төрағасының Қазақстанға мемлекеттік іссапары кезінде екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған 31 құжатқа қол қойды. Бұл жөнінде World of NAN Ақордаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Екі мемлекеттің жауапты ведомстволары қол қойған келісімдердің арасында ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар жоба бар:

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына сою үшін экспортталатын мүйізді ірі қара малға қойылатын ветеринариялық талаптар және жануарлар саулығын қорғау туралы хаттама;

- «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ пен Қытайдың ауыл шаруашылығы университеті, Dayu Irrigation Group Co., Ltd компаниясы арасындағы шөлейтті аймақтарда суды тиімді пайдалану жөніндегі Қазақстан-Қытай халықаралық зертханасын құру туралы келісім;

- «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ пен Қытай Халық Республикасының Ланьчжоу университеті арасындағы Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығын бірлесе құру туралы келісім;

- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Шәкәрім университеті мен Қытайдың ауыл шаруашылығы және орман технологиясына маманданған Солтүстік-Батыс университеті арасындағы Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы ғылымы және білім беру орталығын бірлесе құру туралы келісім.

Одан бөлек сауда, теміржол қатынасы, цифрлық технологиялар, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, логистика инфрақұрылымын дамытуға қатысты ынтымақтастық келісімдерге қол қойылды.

Осыған дейін қытайлық компания Қостанайда қуаты жылына 400 мың тоннаны құрайтын астықты терең өңдеу зауытын тұрғызатыны хабарланған еді. Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайға жылына 2 млн тонна астық жеткізуге дайын екенін айтты.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии