Қазақстанда ауыл шаруашылығын субсидиялау көлемі төмен. Ресейде ауыл шаруашылығы кешені өнімінің 10%, Беларусьте 18% -ы субсидияланса, бізде 3% ғана. Тіпті осы субсидияны алу оңай емес. Осы және өзге де сүт өндірісіне қатысты мәселелер Информбюро ақпараттық бағдарламасында талқыланды, деп хабарлайды World of NAN.
31 арнаның жаңалықтар бағдарламасына сұхбат берген Қазақстан сүт одағының басшысы Владимир Кожевников субсидиялау саясатындағы олқылықтар өндірушілерге кедергі келтіріп отырғанын айтады.
«Бұған дейін біз сары майды өндіріп, қоймаға салған соң субсидия алатынбыз. Енді жаңа ереже бойынша, біз субсидияны осы майды өткізгеннен кейін ғана ала аламыз. Яғни, мен бүгін өнім шығардым, ал субсидияны бес, тіпті сегіз айдың ішінде, өнімнің соңғы келісін сатқанда аламын. Ал бізге айналым қаражатына субсидия қажет», - дейді Владимир Кожевников.
Кәсіпкер Сағынғазы Құрманалиннің айтуынша, ресейлік өндірушілер демпинг жасап, жағдайды ушықтырып отыр. «Ресей Федерациясының өңдеушілері демпинг жасайды, сондықтан біздің сүт өңдеу зауыттары олармен бәсекелесу үшін сүттің сатып алу бағасын төмендетуге мәжбүр», - дейді ол.
Сала өкілдерінің айтуынша, сүт өндіру және өңдеу ең тиімді кәсіп емес, соңғы онжылдықта көптеген кәсіпорын жабылған. Ал халық шаруашылығында өндірілген сапасы техникалық талаптарға сай келмегендіктен, отандық өндірушілер бізде өндірілмейтін импорттық құрғақ сүт сатып алуға мәжбүр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение