Мәзір

ҚазАгроҚаржы 2020 жылы ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға 51,9 млрд теңге қаржы бөлді

22.07.2020
ҚазАгроҚаржы 2020 жылы ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға 51,9 млрд теңге қаржы бөлді

Ағымдағы жылдың басынан бері ҚазАгроҚаржы компаниясы шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу үшін 51,9 млрд теңгеге қаржылық лизинг беру жайлы келісім жасады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«2020 жылдың 15 шілдесіндегі мәлімет бойынша, ҚазАгроҚаржы акционерлік қоғамы ауыл шаруашылығы техникаларын қаржыландырудың жылдық жоспарын 69% -ға орындады. Қаржылық лизинг шарттары 51,9 млрд. теңгеге жасалды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, 2020 жылы қаржыландыру бойынша  «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың көшбасшы болған өкілдігігі - Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы, жылдық жоспарды 93% -ға орындаған және Батыс Қазақстан облысындағы филиалы, жоспарды асыра орындап,  115%-ды  құрады.

Жасалған келісімдерге сәйкес, 2020 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне 198 комбайн, 81 тұқым себу кешенін, 222 дән сепкіш, 1081 трактор, 1669 техника және басқа да ұсақ жабдықтарды сатып алуды қаржыландырды.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда тракторлар, комбайндар және басқа ауыл шаруашылық техникаларын өндірушілер 33,7 млрд теңгеден астам техника шығарған, бұл 2019 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 125% -ға артық болып саналады.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии