«Kazakh Invest» ҰК» АҚ үшін басым бағыттардың бірі — астықты терең өңдеу бойынша инвестициялық жобалар болмақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың жетекшілігімен өткен «Kazakh Invest» директорлар кеңесінің отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды World of NAN.
«Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Kazakh Invest алдағы жұмысында астықты терең өңдеу... ...импорт көлемі жоғары басқа да тауарларды оқшаулау бойынша перспективалы жобаларға инвесторлар тартуға басымдық беретін болады», - деп, ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Kazakh Invest жалпы құны $27,3 млрд-ты құрайтын 200 жобаға қолдау көрсетуде. Аталған шаралар аясында 68,8 мың жұмыс орнын құру көзделген. Биыл шетелдіктердің қатысумен 40-тан астам жоба іске қосылады деп күтілуде.
«Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай экономика көлемін $450 млрд-қа дейін ұлғайту міндетін қойды. Сондықтан ірі инвесторларды іздеу және оларды елімізге тарту бойынша жұмысты күшейту керек. Бұл орайда батыл әрі жаңашыл шешімдер қажет», — деп атап өтті Премьер-Министр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение