Көлемі 2,4 текше шақырымды құрайтын 20 жаңа су қоймасы сумен қамтамасыз етудегі Қазақстанның көрші елдерге тәуелділігін 25%-ға азайтады. Бұл туралы World of NAN порталы үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазақстанның 102,3 км3 су қоры бар, оның 54%-ы республика аумағында қалыптасады, ал қалған 46 пайызы көршілес елдерден келеді. Шаруашылық салаларының жылдық тұтынуы шамамен 25 км3 суды құрайды, оның 65%-ы ауыл шаруашылығына, 25%-ы өнеркәсіптік қажеттіліктерге жұмсалады.
Кешенді жоспарды жүзеге асыра отырып, қолда бар су ресурстарын 3,7 текше шақырымға, ал суармалы жер көлемін 2,2 миллион гектарға дейін ұлғайтып, суармалы судың жыл сайынғы шығынын 3 текше шақырымға азайтуға мүмкіндік туады.
Мәселен, 2024-2026 жылдары 9 облыста көлемі 2,4 текше шақырым болатын 20 жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл суармалы жер көлемін 250 мың гектарға ұлғайтып, Қазақстанның сумен қамтамасыз етудегі көршілес елдерге тәуелділігін орта есеппен 25%-ға азайтады.
Сонымен қатар, 9 облыста көлемі 1,9 км3 қолданыстағы 15 су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Бұл суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуді 74 мың гектарға жақсартуға мүмкіндік береді.
Одан бөлек суару жүйелерін ауқымды қайта құру, суару арналарын цифрландыру, Қ.Сәтбаев атындағы стратегиялық арнаны жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Фермерлерді ынталандыру үшін суару жүйелерін құруға және тамшылатып және жаңбырлатып суару техникасын сатып алуға субсидиялау шығындарының үлесін 50%-дан 80%-ға дейін арттыру жоспарланған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение