Мәзір

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі артады

29.05.2024
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі артады

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды қабылдады, деп хабарлайды World of NAN.

Келісім жүктерді тасымалдауға қолайлы жағдайлар жасауды, сондай-ақ ТМТМ бойынша қосымша транзиттік көлемдерді тарту үшін екі елдің аумақтарында логистикалық орталықтарды дамытуды көздейді.

2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша тасымалдау 1,4 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға өсті (2023 жылдың 4 айы – 1,2 млн тонна). Тасымалданатын негізгі жүктер – құрылғылар, жабдықтар, халық тұтынатын тауарлар, өсімдік текті өнімдер, тоқыма бұйымдары, қара және түсті металдар және т.б.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздейді және екі ел арасында жүзеге асырылатын жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии