Мәзір

Қазақстан мен Түркия 180 млн долларлық келісімшарттарға қол қойды

26.04.2024
Қазақстан мен Түркия 180 млн долларлық келісімшарттарға қол қойды

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмаз ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді серіктестікті дамытудың нақты шараларын талқылады. Бұл туралы World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркия Қазақстанның бес ірі сауда серіктесі және 20 ірі инвестор елдің бірі саналады. Бүгінде екі елдің үкіметтері тұрақты сауда көлемін кем дегенде 10 миллиард долларға жеткізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Қазақстан Түркияға жалпы сомасы 630 миллион доллардан астам тауардың 34 түрі бойынша өнім экспортын арттыруды көздеп отыр. Өз кезегінде түрік тарапы экономиканың келешегі бар салаларында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Бизнес-форум нәтижесінде жалпы сомасы 180 миллион доллардан астам инвестициялық ынтымақтастық саласындағы 10 коммерциялық құжатқа қол қойылды, оның ішінде дайын өнімді экспорттау туралы меморандум, логистикалық хаб салу туралы келісімдер бар. Қол қойылға коммерциялық жобалар қатарында кальцийлендірілген сода, жаңбырлатқыш қондырғылар, тоқыма емес материалдар, суару жабдықтарын құрастыру бойынша зауыт жобалары бар. Сонымен қатар тұқым шаруашылығы саласындағы озық тәжірибелерді алмасу, сондай-ақ тұқым жеткізу перспективалары туралы келісімге қол қойылды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии