Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев Ташкентке жасаған жұмыс сапары барысында Өзбекстанның су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесіп, екі ел арасындағы суды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойды. Бұл туралы Twitter-де Экология министрлігінің басшысы мәлімдеді.
«Бұл су секторындағы бірқатар мәселелерді реттейтін өте маңызды құжат. Атап айтқанда, мұнда 1991 жылдан бастап салынған және қайта жаңартылатын су объектілеріне бірлесе техникалық зерттеу жүргізу және мониторинг жасау жұмыстары қамтылады; жоғарыдағы су қоймаларынан қосымша ағыс алу үшін бірлескен шаралар жасау қарастырылған», - деді М.Мирзағалиев.
Министрдің хабарлауынша, картадағы маңызды блоктың бірі болып саналатын су ресурстарын бөлудің ашық-жария түрде жасалуы болып табылады.
«Келіссөздер жүріп жатыр, күн тәртібінде тағы бірнеше стратегиялық мәселе бар», - деді министр.
Ол сондай-ақ қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасы Экология министрлігі мен Өзбекстанның Су ресурстары министрлігі арасындағы ұзақ және қиын келіссөздер болғанын атап өтті.
Бұған дейін Мағзұм Мирзағалиев бейнеконференция режимінде Шавкат Хамраевпен бірге Қазақстанның оңтүстік аймақтарын вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз ету мәселесін талқылаған болатын.
Ақпарат көзі: eldala.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение