Өткен 2023 жылы сүт өнімдерінің импорты 12,6%-ға өсіп, 188,6 мың тоннаны құрады, жеткізілім құны - $368,6 млн. Бұл туралы World of NAN порталы LS-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ірімшік пен сүзбе импорты– 55,2 мың тонна (+1,5 есе). Өнімдер Ресей, Беларусь, Украина, Литва және Италиядан әкелінді.
Йогурт, айран және басқа да ашытылған сүт өнімдерін жеткізу 6,6%-ға өсіп, 45 мың тоннаны құрады. Импорттаушылар – Ресей, Қырғызстан, Беларусь.
Шетелдік сүт пен кілегей импорты - 31,7 мың тонна (+20,7%). Олар Франция, Ресей, Қырғызстан, Италия және Польшадан әкелінді.
Сары май мен сүт пасталарының импорты 12,5%-ға өсіп, 8,9 мың тоннаны құрады. Бұл өнімдерді Беларусь, Украина, Франция, Иран және Аргентина жеткізген.
Дегенмен қоюландырылған сүт пен құрғақ сүт импорты 16,8%-ға (36,1 мың тонна) азайды. Мұндай сүт өнімдерін Беларусьтен - 26,3% (14 мың тонна), Ресейден 5,5%-ға (16,6 мың тонна) аз сатып алды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение