Мәзір

Қазақстан Ресейден құны $3,3 млрд ауылшаруашылық өнімін импорттады

10.04.2024
Қазақстан Ресейден құны $3,3 млрд ауылшаруашылық өнімін импорттады

Ресейден ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттаушылардың 2023 жылғы рейтингінде Қазақстан үшінші орынға ие болды. Бұл туралы World of NAN порталы Агроэкспорт федералды орталығының шолуына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Импорттаушылар арасында 7,6 миллиард долларға ауылшаруашылық өнімдерін сатып алған Қытай көш бастаса, екінші орында 5 миллиард долларға тауарлар сатып алған Түркия тұрақтаған, үшінші орында 3,3 миллиард долларлық өнім импорттаған Қазақстан тұр, одан кейін 2,8 миллиард доллармен Беларусь және 2,5 миллиард доллармен Мысыр тұрды.

Коршілес ел жалпы саны 150 мемлекетке ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды. Экспорттың айтарлықтай көлемін астық – 37,4%, одан кейін май және май өнімдері – 19,5%, балық және теңіз өнімдері – 12,5%, тамақ және өңдеу өнеркәсібі өнімдері – 11,5%, ет және сүт өнімдері – 4,2% құрайды. Басқа ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі – 15%.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии