Мәзір

Қазақстан Ресейден бидай импортын ұлғайтты

26.10.2021
Қазақстан Ресейден бидай импортын ұлғайтты

2021 жылдың алғашқы 8 айында ресейлік бидайды Қазақстанға жеткізу ақшалай өлшемде бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңнің көрсеткішімен салыстырғанда 54%-ға - $75 млн-ға дейін өсті, деп хабарлайды World of NAN Apk-inform-қа сілтеме жасап.

Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агроэкспорт» Федералдық орталығының деректері бойынша Қазақстанға ресейлік арпаны – 2,4 есе, $13 млн дейін, соя бұршағын - 7,9 есе, $21 млн дейін жеткізудің айтарлықтай өсуі байқалады.

Қазақстан ресейлік кондитерлік өнімдердің ірі сатып алушысы болып табылады. Қаңтар-тамызда құны $238 млн (+25%) осы өнімнің 120 мың тоннасы (2020 жылдың ұқсас кезеңіне+17%) жеткізілді. Ал ресейлік қанттың Қазақстанға импорты азайды, есепті кезеңде 169 мың тонна сатып алынды, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 32%-ға аз, қант экспортының құндық көлемі 4,3%-ға - $90 млн дейін төмендеді.

Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агроэкспорт» Федералдық орталығының хабарламасында «Жалпы, Ресей алғашқы 8 айда Қазақстанға құны $1,6 млрд астам АӨК өнімін 4,2 млн тонна жеткізді, нақты мәнде экспорт көлемі 12%-ға, ақшалай-22%-ға өсті. Осылайша, Қазақстан 7,4% үлесімен ресейлік азық-түлікті ТОП-5 cатып алушы ретінде өз позициясын сенімді түрде сақтап отыр», - делінген.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии