Climate Action Tracker халықаралық зерттеу тобының сарапшылары осындай қорытындыға келді. Олардың пікірінше, Қазақстан қабылдаған шаралар жер бетіндегі температураның көтерілуін бәсеңдету мақсатын орындау үшін жеткіліксіз, деп хабарлайды World of NAN.
Еске салайық, Қазақстан Париж келісіміне қол қойып, оның аясында көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алған болатын. Алайда қазіргі саясаты келісімге сәйкес келмейді. Ең бірінші кінәлі – парник газдары шығарындыларының жалпы көлемінің 80%-дан астамын құрайтын Қазақстанның энергетика саласы. Қазақстанда электр энергиясының 70%-ға жуығы көмірден өндіріледі, газға көшу әлі де жүргізіліп келеді.
Мұндай саяз саясаттың қаупі қандай?
Қазба отындарын жағу көмірқышқыл газын (СО2) және басқа парник газдарын атмосфераға бөлуі салдарынан көміртегі шығарындыларын тудырады. Бұл шығарындылар жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруінің негізгі себептерінің бірі саналады. Атмосферадағы парникт газдары концентрациясының жоғарылауы Жердің орташа температурасының жоғарылауына әкеледі әрі бұл бірқатар экологиялық және әлеуметтік мәселелерге: ауа-райының төтенше жағдайлары, экожүйелердің деградациясы, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің төмендеуі және адам денсаулығына теріс әсеріне апарып соғады.
Ең әуелі фермерлер зардап шегеді!
Әрине, ауа райының тұрақсыздығы бірінші кезекте фермерлерге әсер етеді. 2021-2023 жылдардағы жекелеген аймақтарда болған құрғақшылық, 2023 жылғы астық жинау кезінде жауған жауын-шашын және т.б. кейінгі жылдардағы оқиғалар арқылы бұл ерекше байқалды. Сарапшылардың пікірінше, жағдай жыл өткен сайын нашарлай бермек. Әрине, фермерлер тап болатын қиындықтар ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауына әкеліп, азық-түлік қауіпсіздігіне айтарлықтай зиян келтіреді. Дүниежүзілік банк климаттың өзгеруімен күресуде тиімді шаралар қабылдамаса, Қазақстан 2050 жылға қарай айтарлықтай экономикалық құлдырауға, кедейшіліктің өсуіне және нақты жалақының төмендеуіне тап болуы мүмкін деп болжайды.
Бір мәселені шешу екіншісін тудыра ма?
Көміртегі шығарындыларын азайту мақсаты айқын. Қазақстан энергетикалық сектордың көмірге тәуелділігін азайта алатын сияқты. Дегенмен, бұл жерде жаңа мәселе пайда болады - энергия тапшылығы. «KEGOC» АҚ болжамы бойынша, электр қуатының жылдық тапшылығы орта есеппен 1,5 ГВт құрайды. Оның үстіне 2029 жылға қарай тапшылық екі есеге артады. Сондықтан көмір жағудан кезең-кезеңімен бас тарту ел мүддесіне қайшы келеді.
Бірақ көріп отырғанымыздай, әрекетсіздік болашақта одан да үлкен дағдарысқа әкеледі. Сондықтан Қазақстан үкіметі энергияның жаңа көздерін тауып, көміртегі саясатын айтарлықтай қайта қарауы керек. Әрине, бұл көп деңгейлі стратегияны қажет етеді: электр энергиясының жаңа көздерін құру, электр энергиясын тұтынуды азайту, экономиканың әртүрлі секторларында көмірқышқыл газының шығарындыларын кезең-кезеңмен азайту және азаматтардың осы күрделі тақырып бойынша хабардарлығын арттыру.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение