Мәзір

Түйе жүнінен жасалған қазақстандық өнім АҚШ-қа экспортталады

08.02.2024
Түйе жүнінен жасалған қазақстандық өнім АҚШ-қа экспортталады

Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының тұрғындары «Бір ауыл - бір өнім» жобасы аясында түйе, қой жүнін сұрыптап, кәде сыйлар, ойыншықтар, киімдер мен әртүрлі бұйымдар жасап, шетелге саудаға шығарып жатыр. Бұл туралы World of NAN порталы «Атамекен» Ұлттық Палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бір жылдың ішінде 5 мемлекетке, атап айтқанда АҚШ, Германия, Түркия, Қытай және Ресейге маңғыстаулықтар өз өнімдерін жолдап үлгерген. Қазақстанның да түкпір-түкпірінен тапсырыс келіп түседі.

«Тың идеяны негізі менторымыз Сәуле Халеловна жапондықтардан көріп, өз елімізде іске асыруға бел буды. Өйткені, Маңғыстауда қой мен түйе жүні көбіне пайдаға аспай, далада өртеніп жатады. Қолдағы шикізатты кәдеге жаратып, бір жағынан ауылдағы қыз-келіншектерге үйретіп, табыс табуына септесуге мақсат қойдық. Сол мақсат бүгінде іске асырылып жатыр», - деді жоба жетекшісі Жаңагүл Жапарова. 

Жоба жетекшісі жергілікті шаруа қожалықтарынан түйе жүнінің 1 келісін 500 теңгеге, қой жүнін тегін алып жатқандығын айтты. Бүгінде жоба аясында өнім көлемін ұлғайтып, өзге елдерге экспорттауға жұмыстанып жатыр. 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии