Мәзір

Қазақстандық ғалымдар сояның жаңа түрін шығарды

28.04.2020
Қазақстандық ғалымдар сояның жаңа түрін шығарды

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты биылғы жылы сояның үш түрін мемлекеттік сынақтан өткізуүшін  тапсырады.

Ғылыми мекеме бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Шынболат Рсалиевтің айтуынша, селекциялық стационарда сояның коллекциялық үлгілерін қолмен егу аяқталды. Сондай-ақ селекциялық жұмыстар істелетін  бірқатар питомниктер салынды. Далалық тәжірибелер биотехнология және молекулярлы-генетикалық талдау тобының көмегімен жасалды.

Сонымен қатар, елдің солтүстігіндегі  жазға арналған соя қостанайлық ғалымдармен бірлесе жасалып, қуаңшылыққа төзімді сорты мемлекеттік сынақтан өтуде. Екінші сорт — орташа пісетін түрі, ол Алматы облысының климаттық жағдайларына арналған. Үшінші кеш пісетін сорт Қазақстанның оңтүстік өңірлері үшін өте қолайлы түр болып табылады.

Айта кетейік, ҚазҒЗИ селекциялық питомниктерінде бидай, арпа, сұлы және тритикаленің жаңа сорттарын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы мемлекеттік сорт сынағына күздік бидайдың екі түрін, күздік арпаның бір сортын, жаздық голозерлік арпаның бір сортын шағару  жоспарлануда.

Қант қызылшасының тұқымы себіліп, ағымдағы жылы Ақсу және Айшолпан атты отандық будандардан 10 тоннаға дейін тұқым алу жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии