Мәзір

Қазақстандықтар кәдеге жарату және бастапқы тіркеу алымына қарсы дауыс бере алады

16.05.2024
Қазақстандықтар кәдеге жарату және бастапқы тіркеу алымына қарсы дауыс бере алады

«НетУтильсбору» қозғалысы epetition.kz петиция сайтында Индустрия және құрылыс министрлігін кәдеге жарату және бастапқы тіркеу алымынан бас тартуға шақыратын құжат мәтінін жариялады, деп хабарлайды World of NAN.

«Бұған дейін заңды күші жоқ көптеген өтініш болды. Енді, міне, заңнамалық актілерге толықтырулар енгізіліп, заңды күші бар epetition.kz сайты құрылды және Қазақстан бойынша 50 мың қол жинаған жағдайда мемлекеттік органдарды петицияға қарауды міндеттейді», – дейді қоғам қайраткері Санжар Боқаев.

Петицияда «НетУтильсбору» қозғалысы жеңіл автокөліктер үшін (М1 санаты) кәдеге жарату алымын 100 мың теңгеге дейін және басқа санаттағы көліктер үшін 0 теңгеге дейін төмендетуді талап етеді. Ауыл шаруашылығы техникасынан кәдеге жарату ақысын толығымен алып тастауды ұсынған. Ал көлік құралдарын бастапқы тіркеу мөлшерлемесін 0,25 АЕК-ке дейін төмендетуді талап етті.

«Құр отырып, наразы пікір білдіруден ештеңе өнбейді. Біздің міндетіміз – қазақ қоғамының осындай мәселелерді шешу үшін бріге алатынын көрсету. Менің ойымша, 50 мың адам бұл петицияға қол қойса, үкімет оны қарастырудан бас тарта алмайды», - деп қосты Санжар Боқаев.

Айта кетейік, қол қойылған петициялардың саны сот кезінде қозғалысқа артықшылық береді. Бұл бүкіл Қазақстан үшін тарихи сәт және оған әр азаматтың қатысқаны маңызды.

Петицияға осы гиперсілтемені басып ҚОЛ ҚОЮҒА болады.

Құжатқа қол қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Сізде электронды қолтаңба болмаса, оны алу бойынша нұсқаулықты Egov.kz сайтынан табуға болады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии