Қазақстандық делегация Қытайдағы Сучжоу индустриалды паркінде және Eavision Robotic Technologies компаниясының құрастыру алаңында болып қайтты. Бұл жайлы World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Eavision Robotic Technologies» компаниясы жасанды интеллектті қолдану технологиясын пайдалана отырып, зиянкестерге, өсімдіктер ауруларына және арамшөптерге қарсы мониторинг, қорғау іс-шараларын жүргізуге арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруге маманданған.
«Eavision Robotic Technologies» компаниясының иректоры Xinyu Wang кездесу аясында тараптар Қазақстан аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (агродрондарды) өндіруді оқшаулау перспективаларын талқылады. Олар Ресейде және Орталық Азия елдерінде осындай өндірістердің болмауына байланысты жобаны іске асырудың бірегейлігін атап өтті.
Қазақстандық делегация қытайлық әріптестерімен аталған бастаманы іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірлеу, Қазақстанда инвестор компаниясының өкілдігін тіркеу қажеттілігі, өндірісті және әлеуетті өткізу нарықтарын, оның ішінде таяу шет елдерде оқшаулау орнын айқындау туралы уағдаласты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында өсімдіктерді қорғау үшін зияткерлік дрондарды енгізу саласындағы техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение