Мәзір

«KazFoodProducts» биоэтанол өндірісі бойынша зерттеуді қаржыландырады

23.02.2024
«KazFoodProducts» биоэтанол өндірісі бойынша зерттеуді қаржыландырады

KazFoodProducts компаниялар тобының құрамындағы «BioOperations» кәсіпорны ҚБТУ-мен бірлесіп, бензин-этанол қоспасына қажет тұрақтандырғыштар өндіру бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. Бұл жөнінде World of NAN компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Зерттеу Қазақ-Британ Техникалық Университетінің зертханасында жасалады.

«Бұл жұмысты университеттің студенттері мен ғылыми қызметкерлері жүргізетін болады.Біз шикізат жеткізуді ұйымдастырамыз, сонымен қатар, қаржыландыруды қамтамасыз етеміз. Мақсат – жергілікті өндіріс пен зерттеу жұмыстарын тоғыстыру. Зертханалық сынақтар сәтті шықса, BioOperations зауытына тұрақтандырғыштар шығаратын құрал-жабдықтарды орнатуды жоспарлап отырмыз. Неге ҚБТУ-ды таңдадық дейсіз ғой? Себебі бұл оқу орнының  жасыл мектебі бар. Ондағы білім алушылар биоэтанол мен биодизельдің не екенін түсінеді», - деп атап өтті «BioOperations» ЖШС кеңесшісі Евгений Пущик.

Биоэтанолды қолданып бензин өндіру кезінде бір пайыз тұрақтандырғыш қосу керек. Импорттық тұрақтандырғыштың құны бүгінде тоннасына 1800 долларды құрайды. Компания бұл құрамдас бөлікті өзі өндіретін болса, баға белгісі 1000 долларға дейін төмендейді.

Зерттеудің мақсаты – тиімділікті дәлелдеу. Сондықтан өнеркәсіптік ауқымдағы жобаны іске қосу үшін алдымен зертханалық зерттеулер жүргізілуі керек. Зерттеуге ҚБТУ-дан бес адам тартылған. Зерттеу шамамен алты айға созылады.

«Зерттеулер оң нәтиже берсе, біз мұндай өндіріс орнын BioOperations базасында саламыз. Бұл ынтымақтастық ғылым мен өндірісті біріктіру болып табылады. Келешекте басқа да бірлескен келешегі зор жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар», - дейді KazFoodProducts компаниялар тобының бас директоры Әлихан Талғатбек.

KazFoodProducts – 26 жылдық тарихы бар ірі холдинг. Компания дәнді-дақылдар мен мал өсіруден бастап, экспортқа бағытталған жоғары сапалы дайын өнімге дейін әзірлеп, сатады. Биоэтанол – биосинтез арқылы алынған бензинге балама биоқоспа.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии