Мәзір

Кейінгі он жылда Қазақстанда бір сиырдан сауылатын сүт мөлшері небәрі 5%-ға өсті

30.06.2023
Кейінгі он жылда Қазақстанда бір сиырдан сауылатын сүт мөлшері небәрі 5%-ға өсті

Еліміздегі сүт өндірісінің небәрі 8% үлесі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына тиесілі блса, тек осы жерде орташа сүт сауымы оң динамика көрсетіп отыр. ФАО инвестициялық орталығының (FAO - Food and agriculture organization) агробизнес маманы Инна Пунда Петропавлдағы PRO Молоко.Тренды`23 халықаралық форумында осындай ақпарат бөлісті. Бұл туралы World of NAN порталы The DairyNews-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 2014 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі уақыт аралығында бір сиырдың орташа сүт сауымын 0,8 тоннаға арттырд, яғни 4,3 тоннадан 5,1 тоннаға дейін өсті. Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары осы кезеңде бір сиырдан сауылатын сүтті 0,2 тоннаға ғана арттырып, көрсеткіш 2022 жылы 2,5 тоннаны құрады. Халық шаруашылығындағы бір сиырдан сауылатын сүт орташа есеппен 1,5 тоннаны құрап, сегіз жылда еш өзгерген жоқ.

«Кейінгі он жылда Қазақстанда сиыр саны күрт өсіп, 60%-дан астам көбейді – яғни 1,7 млн ​​басқа өсті, бірақ өнімділік бойынша, өкінішке қарай, экстенсивті даму жолы байқалады. Яғни сүт өндірісін өндіріс тиімділігін арттыру және өнімді малдың генетикалық әлеуетін қолдану арқылы емес,  мал басының санын арттыру арқылы ғана ұлғайтып отырмыз», - деді ФАО инвестициялық орталығының агробизнес маманы Инна Пунда. – Бұл модель бәсекеге қабілеттілік пен тұтастай алғанда бүкіл тізбектің дамуына зиянын тигізіп қоя салмайды, бұл сөзсіз, республиканы әлеуметтік-экономикалық әрі экологиялық тығырыққа апарып тірейді, өйткені экономика қоршаған ортамен және адам капиталымен қатар жүреді».

Ал Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық шаруа қожалықтарының тиімділігін бағалайтынын айтып, шенеуніктер сүт өндірісі артқанын байқап отырғанын атады.

Сүт өнімділігінің төмендігінен бөлек, ФАО жақсы ойластырылған «сүт белдеуінің» жоқтығына және жоғары сапалы тауарлық сүттің тапшылығына назар аударды, бұл өңдеу қуаттылығы мен өңдеуге қажет шикізаттың қолжетімдігі арасындағы айтарлықтай теңсіздікке әкелді. Өнеркәсіптік өңдеуге арналған шикі сүт тапшылығы Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында көбірек байқалады. Сонымен қатар, зауыттар шикізатты жүздеген шақырым жерден сатып алуға мәжбүр болғандықтан, логистикалық шығындар өсе түседі. ФАО есептеулері бойынша, сатып алу бағасының 25%-ғай дейінгі мөлшері сүтті тасымалдау құнына тиесілі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии