Мәзір

Қазақстанда құны $400 млн болатын мақта кластері құрылады

23.05.2024
Қазақстанда құны $400 млн болатын мақта кластері құрылады

Түркістан облысында «TURAN» арнайы экономикалық аймағында мақта кластері құрылады. Бұл жөнінде World of NAN облыстық әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мақта кластерін дамытатын кәсіпорын келесі айда жұмысын бастайды. Жобаның құны 400 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Өндірісте 4 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Бұл мақта тігуден бастап, жіп иіру, мата тоқу, тігіншілікке дейінгі кезеңдерді толығымен қамтитын «TURAN» арнайы экономикалық аймағындағы өндірістік кәсіпорын болмақ.

Түркістан облысы республикадағы мақта өсіретін және өңдейтін бірден-бір өңір. Облыста мақта өңдейтін 23 кәсіпорын бар. Олар жылына 100 мың тоннадан астам мақта талшығын өндіреді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии