Мәзір

Киіктер егінді құртты: Ақмола диқандары да дабыл қағып отыр

13.07.2023
Киіктер егінді құртты: Ақмола диқандары да дабыл қағып отыр

Ақбөкендердің көшуі кейінгі жылдары Ақмола облысы диқандарының негізгі проблемаларының біріне айналды. Олардың шабуылынан астық егетін Атбасар, Астрахан, Қорғалжын, Жарқайың, Егіндікөл, Целиноград аудандары үлкен шығынға ұшырайды. Бұл туралы World of NAN порталы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 

Ауыл шаруашылығы өндірушілері егіс жұмыстарына миллиондаған қаражат салады. Өз алаңдарын ақбөкендерден қорғау үшін кәсіпкерлер тұрақты кезекшілік ұйымдастыруға мәжбүр. Мұны істеу үшін олар жеке көлік, адамдарды бөлуі керек. Бұл фермерлер үшін қосымша шығын мен қаржылай жүктеме.
Сонымен қатар, ақбөкендерді аулауға тыйым салынған. Фермерлер егістікті Қызыл кітапқа енген жануардың шабуылынан да сақтандыра алмайды, өйткені бүгінде мұндай сақтандыру түрі жоқ.
Бұл ретте, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қаржы институттары алдында ағымдағы несиелік міндеттемелері бар. Уәкілетті органдардың әрекетсіздігі кезінде бұл фермерлердің қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуы мүмкін.
Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы алымда да, материалдық тұрғыда да үлкен шығынға ұшырады. Ақбөкендердің ауыл шаруашылығы дақылдарын бүлдіруінен келтірілген залал 8 млрд теңгеден асты (1 га үшін 55 мың теңге есебінен). Мысалы, Егіндікөл ауданында 45 мың гектардан астам, Астрахан ауданында – 22 мың гектардан астам, Жақсы ауданында – 19 мың гектарға жуық, Жарқайың ауданында – 10 мың гектарға жуық егіс алқабы бүлінді.
Жарқайың ауданындағы ең ірі шаруа қожалықтың иесі Темірхан Жангелдиннің айтуынша, биыл ақбөкендер одан да көп.
«Олардың таралу аймағы артты, ақбөкендер біздің ауданның аумағына етене енді. Біз вагондарды қоршау алаңдарына қоямыз, квадроциклдарды сатып алдық, жануарларды айдау үшін адамдарды жалдаймыз, бірақ нәтиже жоқ. Бұл жағдайды құрғақшылық та нашарлатып отыр. Ол дақылдарға әсер етеді, ал ақбөкендер онсыз да әлсіз дақылды таптап жатыр», – деп шағымданды фермер.
Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бірқатар ұсыныстар жасады. Атап айтқанда, уәкілетті органдар, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК мамандандырылған ұйымының күшімен ақбөкендердің санын реттеуді ұсынды.

«Ақбөкендердің көші-қоны жолында мамандандырылған жем-шөп алаңдарын анықтау бойынша жұмысты жолға қою, қоршауды дайындау және орнату үшін республикалық бюджеттен қаражат көздеу қажет. Сондай-ақ орталық деңгейде ақбөкендердің келтірген залалын бағалау үшін құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатарынан комиссия құру, залалды өтеу үшін мемлекеттік қазынадан қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру қажет», – деп санайды Өңірлік кәсіпкерлер палатасының АӨК бөлімінің бастығы Жайсан Бекқожин.

Жақында депутат Айдарбек Ходжаназаров та ақбөкендрге қатысты пікір білдірген болатын. Ол киіктерге азық пен су жетіспейтінін айтып, олар егістік жерге жақындамас үшін киіктер мекен еткен аймақтарға құдықтар орнату, бидайық себуді ұсынған еді. Сондай-ақ киіктер популяциясының табиғи реттелуі үшін олар қоныстанған аймақтарда қасқырды атуға мораторий жариялануын ұсынған.

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии