Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында киіктерге қатысты жағдай сараптамалық талқылаудан өтті. Экология және табиғи ресурстар министрлігіндегі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетігің төраға орынбасары Андрей Ким киіктер популяциясын реттеу туралы ойларын бөлісті, деп хабарлайды World of NAN.
Спикердің пікірінше, киіктерді аулауға байланысты мәселелер жойылып кеткен инфрақұрылымды қалпына келтіруді талап етеді: ет, тері өңдеуді жолға қою қажет. Киіктердің мүйізіне келетін болсақ, халықаралық конвенцияға сәйкес оларды коммерциялық сатуға тыйым салынғандықтан, оларды алып, Охотзоопромда сақтау керек.
«Ғалымдар көктемгі есеп бойынша киік басының 20%-на дейін, яғни 1 млн 915 мың дарақты аулауды ұсынады. Бірақ бұл көрсеткіш әлі бекітілген жоқ. Ең бастысы, табиғатқа зиян келтірмеу, ешқашан да белгілі бір киік санының басын қысқартпау», - дейді А.Ким.
«Аулау ел экономикасына, популяциясын реттеу мақсаттарына жұмыс істеуі тиіс. Түскен қаражаттың бір бөлігі фермерлерге егіннің тапталуынан келтірілген залалды өтеуге жұмсала алады», - деп есептейді комитет төрағасының орынбасары.
Сондай-ақ, отырыста киіктерді басқа аймақтарға жерсіндіру, қолға үйрету мәселелері де талқыланды. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК бас директоры Марлен Айнабеков киіктердлі туған жерінен алып, басқа жерге жерсіндіру өте қиын екенін айтты. Ал Андрей Ким Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бірнеше жылдан бері киіктерді қолға үйрету бағытында зерттеу жүргізіп жатқанын жеткізді. Одан бөлек, Зоология институтының биоценология және аңшылықтану зертханасының меңгерушісі Константин Плахов киіктерді караль әдісі бойынша торға қамап ұстауды ұсынды.
Қазақстанда киіктер санының күрт төмендеуіне байланысты 1999 жылдан бастап оларды ғылыми мақсатта алып қоюды қоспағанда, 2024 жылға дейін пайдалануға тыйым салынған. Дегенмен кейінгі жылдары киіктер саны күрт өсіп, ауыл шаруашылығына зиян тигізе бастады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс әкімдіктерінің ақпаратына негізделген деректері бойынша, биыл киіктер 800 мың гектар жайылым мен 121 мың гектардан астам егістікке залал келтірген. Болжамды деректер бойынша, жыл соңына дейін киіктердің жалпы саны шамамен 2,6 млн дарақты құрайды. Киіктерді аулауға мораторий келесі жылы аяқталады. Одан кейін үкімет қандай шешім қабылдайтыны әзірге белгісіз.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение