Мәзір

Қытай қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауды арттыруға мүдделі

05.03.2024
Қытай қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауды арттыруға мүдделі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Бұл туралы World of NAN министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауыл шаруашылық министрі Чжан Сяодан ағымдағы жылы тауарлардың жаңа түрлерін экспорттау жөніндегі екіжақты құжатқа келісу мен қол қоюды жеделдетуге жәрдем көрсетуді сұрады. Бұл – салқындатылған ет, құс шаруашылығы өнімдері, қосымша өнімдер, қызылша және картоп өнімдері. Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров Қытайға экспорттау үшін мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін жаңа қазақстандық кәсіпорындарды аккредиттеу мәселесін шешуде де елшінің көмегі қажет екендігін жеткізді.

Өз кезегінде Чжан Сяо министрге Қытай Қазақстаннан ет, астық және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз импорттауды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін айтты. Қытай нарығының көлемін ескере отырып, Қазақстаннан келетін импортты ұлғайтудың мүмкіндігі зор екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, ҚХР АӨК саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетті құру жөніндегі жұмысты бақылауға алуды ұсынады. Платформа тұрақты негізде бірлескен сапарларды ұйымдастыруға және ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелері бойынша ҚР және ҚХР уәкілетті ведомстволары арасында тұрақты тікелей байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Жарғының жобасы әзірленді және Қытай тарапы оған мамыр айында Қазақстанда өтетін ШЫҰ-ға қатысушы елдер министрлерінің кеңесінде қол қоюды ұсынды. Чжан Сяо сонымен қатар СҚО-да жаңа технологиялармен жабдықталған заманауи ет комбинатын салу туралы ұсыныс жасады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии