Түркістан облысында мақта өсіру үшін Қытайдың ауыл шаруашылығы технологиялары енгізілмек. Автоматтандырылған заманауи технологияны егіп, теруге дейінгі процесті өзі атқарады, деп World of NAN порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық «Peng Sheng Group» басшыларымен кездесті. Компания көрші Өзбекстан елінде бірнеше ірі жобаны сәтті жүзеге асыруда.
Инвестициялық жобаны облыстың оңтүстік аудандарында іске асыруды көздеген қытайлық инвесторлар мақта сапасы мен көлемі едәуір артатынына сенімді. Ол үшін тамшылатып суару жүйесінің құрылғылары орнатылады. Жоба құны 46 миллион АҚШ долларын құрайды.
Сондай-ақ компания Түркістан облысында былғары өңдеу және ірі қара мал қалдықтарынан желатин өндіретін зауыт салуға дайын. Бизнес-жоспардың құны – 10 млн. АҚШ доллары. Шетелдік инвесторлар индустриалды аймақта жұмыс істеуге ниетті.
“Сіздердің Өзбекстанның Сырдария облысында бастаған жұмыстарыңызбен танысқанмын. Керемет жобалар іске асырылған. Жақын арада біз облыстың делегациясымен Қытайда жұмыс сапарымен болдық. Ең ірі деген өндіріс алпауыттарының жұмысымен таныстық. Тәжірибе алдық. Енді соны іске асыруға мүдделіміз. Облыстың бес ауданының әкімдері де бірер күн бұрын Қытайдағы ірі өндіріс орындарында болды. Осы жұмыстар нәтижесі ретінде бүгінгі жобаларды жан-жақты қолдауға дайынбыз”, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение