Жақында елдің үкіметі отставкаға кетті. Қазіргі Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қызметінен алуға ешқандай алғышарт болған жоқ. Дегенмен World of NAN редакциясын фермерлердің министр болуға кімді лайық көретіні қызықтырады.
Ербол Қарашөкеевті қайтару керек пе?
Құрғақшылықтан кейінгі қиын кезеңде ведомствоны басқарды. Ол субсидиялау жүйесінде көптеген реформа жүргізді, ол үшін сынға да ұшырады. Бұл қалыпты нәрсе, өйткені ешкім өзгерісті ұнатпайды. Дегенмен реформалардың жағымды жақтары да бар: субсидия алудың тегін алаңын жасады, кезекке тұруды енгізді және т.б.
Айдарбек Сапаровты қалдыру ма?
Осы саланың өкілі. Ведомствоға бұрынғы фермер жетекшілік етуі керек дегенді жиі естиміз. Сапаров бір кездері совхоздың есепшісі, зоотехник болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бері Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып келді. Өзін жаңа қызметінде ерекше қырынан көрсете қоймады, бірақ бәрі әлі алда.
Серік Егізбаевты қойса ше?
«Ауыл» партиясының төрағасы, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы. Ол бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған. Білімі бойынша агроном және заңгер.
Болатбек Әлиевті көргіңіз келе ме?
DALA-FRUIT.KZ компаниялар тобының иесі, қазіргі Мәжіліс депутаты. Батыл депутаттардың бірі. Ол қайта утильдік алым мен ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялаудың әділетсіз жүйесі туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ сүт өнеркәсібін дамыту саясатындағы көрегенсіздікті сынға алды.
Айдарбек Қожаназаров тағайындалсын ба?
Олжа Агро компаниялар тобының бұрынғы бас директоры. Қазір мәжіліс депутаты, фермерлердің мүддесін қорғап жүр. Фермерлер арасында танымал, медиа кеңістігінде белсенді.
Өз нұсқаңыз
Тәуелсіздік жылдарында елімізде ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты көптеген министрлер ауысты. Ал World of NAN редакциясы фермерлердің осы қиын ведомствоның басында кімді көргісі келетінін білгісі келеді, өз нұсқаларыңызды жазып қалдырыңыз.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение