Мәзір

Көкшетаудағы «Гормолзавод» 1200 басқа арналған сүт-тауарлы ферма ашуды жоспарлап отыр

25.09.2023
Көкшетаудағы «Гормолзавод» 1200 басқа арналған сүт-тауарлы ферма ашуды жоспарлап отыр

Көкшетаудағы «Гормолзавод» ЖШС алдағы уақытта өндіріс көлемін кеңейтіп, жаңа өнімдер шығарып, өз сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде World of NAN порталы 716.kz сайтындағы репортажға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осыған байланысты өндіріс орны тек жақын маңдағы аймақтарға тауар шығарумен шектеліп келеді. Өйткені компания басшысы Ерсайын Жақсылықовтың айтуынша, Гормолзавод шығарған сүт – 7 күнге, ал айран – 14 күнге ғана жарамды. Дегенмен ол алдағы уақытта өндіріс орнын өзгерістер күтіп тұрғанын айтады. Жақында компания ысталған құрт пен шоколадты қоспа өнімдерін гарыққа шығармақү

Осыдан аз уақыт бұрын Қытайдан келген өкілдер компанияның өнімдеріне қызығушылық танытқан. Қытай ЭКСПО көрмесінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синьруй Қазақстанның Ұлттық павильонында болып, Көкшетау балмұздағынан дәм татқан. Олар қазір Қытайға балмұздақ жеткізу бойынша коммерциялық ұсыныстарды талқылап жатыр.

«Әзірге балмұздақты тек Қазақстан мен Ресейге жеткізіп келдік. Енді Қытайға жеткіземіз. Алда логистика және кедендік мәселелер тұр. Енді бізді Шанхайда өтетін көрмеге шақырды», - деп қосты Ерсайын Жақсылықов.

«Шамамен 2025 жылы зауыт қайта жаңғыртудан өтеді. Сондай-ақ 1200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын құрып, тәулігіне 24 тоннаға жуық сүт, ал толық циклде 30 тоннаға дейін сүт саууды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ ірімшік өндірісін жолға қойып, балмұздақ дәмдерін шығару желісін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, балалар түрлі дәмдегі балмұздақтарды бір шелекте, қоспа түрінде сатуды сұрайды», - деді Е. Жақсылықов.

Осылайша өңдеумен айнылысып келген кәсіпорын енді сүт фермасын құра отырып, қажет шикізатты да өзі дайындауды қолға алмақ.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии